Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап енгізілетін ауыл әкімдерін сайлау жүйесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар қандай да бір ұзақмерзімді жағдайда емес, жақын арада мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесін көріп, сезіне білуі тиіс Халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштер маңызды болса да ол азаматтарға, олардың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етпейтінін түсіну керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президент өз сөзінде басталған реформалардың тағы бір салмақты компоненті – ауыл әкімдерін тікелей сайлау екенін айтып өтті.

«Ол сайлау Қазақстан тарихында бірінші рет өткізіледі. Бұл сайлау – тиімді әрі тұрақты мемлекеттік институттарды құрудағы маңызды қадам болмақ. Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлап алу мәселесіне үлкен жауапкершілікпен келдік. Ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді», - деді ол.

Президент 2020 жылы ауылдық округтердің бәрінде төртінші деңгейлі бюджетті енгізу жұмысы аяқталғанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар