+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астық саласындағы ОПЕК» құру мәселесіне пікір білдірді

2020 жылғы 3 маусым 11:34
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев «Астық саласындағы ОПЕК» құру мәселесіне пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астық саласындағы ОПЕК-ті» құруда Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттары мен «шағын ойыншылардың» мүдделерін ескеру керек. Бұл пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

«Ресей мен Қазақстан әлемдегі бидай экспорттаушы елдердің алғашқы ондығына кіреді. Әлемдік бидай экспортындағы біздің үлесіміз 3% құрайды. ОПЕК-тің шешімдері мұнай бағасының қолайлы болуына қол жеткізу үшін өндіріс көлемін тежеуге бағытталғаны белгілі. «Астық саласындағы ОПЕК» құру астық нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және астықтың бағасына қатысты саясатты үйлестіруге бағытталған қызықты бастама болуы мүмкін»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дегенмен Президент астық нарығының өз ерекшелігі бар екенін атап өтті.

«Дегенмен, астық нарығының өз ерекшелігі бар. Ауа райы мен егін түсімі бағаға елеулі ықпал етеді. Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар елдің теңізге тіке шыға алмауына байланысты нақты сауда-саттық шектеулер болады. Мұндай шекті бағалардың енгізілуінен аталған елдер зардап шегуі мүмкін. Содан кейін мұндай картель құру барысында астық өндірісі шағын мемлекеттердің мүдделерін ескеру керек. Сондай-ақ «Астық саласындағы ОПЕК» құру ісінде оның ДСҰ стандарттарына сәйкес келуін де ойлану қажет. Дегенмен, осы тұжырымдаманың өзі мүдделі мамандардың талқылауына әбден лайық»,-деді Мемлекет басшысы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT