Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусымда Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;

29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;

30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді» делінген Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар аңдатпасында.


Соңғы жаңалықтар