Қасым-Жомарт Тоқаев АӨІСШК Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасын ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде АӨІСШК Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі құжат – бұл Ғұламалар кеңесі туралы құжат. Біз оны бүгін қабылдауымыз қажет. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдады және қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттарды ұсыну басталып кетті.

Бүгін біз Ғұламалар кеңесі туралы ережені бекітетін боламыз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.


Соңғы жаңалықтар