+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 4 мамыр 18:20
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь майдангерлері мен тыл ардагерлерінің фашистік агрессияға қарсы күрестегі көзсіз қайсарлығы мен ерен ерлігін атап өтіп, оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусьтің ортақ Жеңіске жетуге зор үлес қосқанын айтты. Сондай-ақ барша Қазақстан халқына шексіз алғысын жолдап, бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар пандемияның таралуы кезінде халыққа көмек беру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін дер кезінде қабылданған шаралар жөнінде ақпарат алмасты.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын сақтауға және Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық саласы бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен қатар тараптар алдағы уақытта атқарылатын екіжақты іс-шаралардың кестесін және көпжақты ұйымдар мен форумдар аясындағы ықпалдастықтың перспективаларын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT