Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге: Вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеу керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне халықты жаппай вакциналау мәселесіне баса мән беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл мәселе бойынша тек Денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдердің бәрі мына жайды ескеруі керек: жалпыға ортақ вакцинация - өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарды вакцинациядан өткізуде өте салмақты, ойластырылған, қыр-сыры ескерілген жоспар керек. Дүрбелең болмас үшін ол салада ескеретін өте көп нюанс бар. Вакцинация эпидемиологиялық ахуалды түзеуі керек. Алда жұмыс көп», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Онлайн форматтағы жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.
- «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханаларға мониторинг жүргізген болатын
- Алматы қоймасынан 90 млн теңгеге есептелген жарамсыз медициналық костюмдер табылды
- Ақтөбеде 93 жастағы зейнеткер вакцина қабылдады
- «Ashyq» қосымшасы: 230-дан астам алматылықтан «қызыл» статус анықталды
-
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
-
Қызылорда облысында жыл басынан 1,4 мың адам коронавирус жұқтырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам