Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде квазимемлекеттік сектордағы компаниялар санының қысқартылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов ұлттық компанияларды жекешелендіруге дайындық барысы туралы баяндады.

Соңғы жаңалықтар