Каспийге құйылып жатқан қара сұйықтыққа қатысты сынамалар алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізіне қара сұйықтықтың төгілу фактісі бойынша EcoMedia телеграм каналында түсінік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ге тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды, олар шектен шығу фактісін көрсетпеді. Сондай-ақ, су жинау каналының су сынамалары алынды, оның нәтижелері қазіргі уақытта анықталып жатыр», - делінген мәлімдемеде.

Департамент рұқсат беру құжаттарының болуын анықтайды.

«Су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деп толықтырады ведомство.



Еске салсақ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Каспийге ағып жатқан қара сұйықтық қауіпті еместігін мәлім еткен болатын.


Соңғы жаңалықтар