Каспий жағалауының кей жерлерінде режимдік шектеулер алынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті Каспий жағалауының кей жерлерінде режимдік шектеулер алынып тасталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
- 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Бұрыншы мүйісінен Сүйе мүйісіне дейін (теңіз порттары, су тарту арналары, газ терминалдары, теңіз дәліздері мен фарватерлерді қоспағанда) режимдік шектеулер алынып тасталды. Көрсетілген уақыт аралығында жеке және заңды тұлғалар демалу, туризм және спортпен айналысу мақсатында қайық пен кеменің кез келген түрімен 2 мильге дейінгі қашықтықта теңізге еркін шыға алады, - деді ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің бастығы Данияр Мальчубаев.

Ескерте кететін жайт, режимдік шектеу жеке және заңды тұлғалардың кәсіпшілік, зерттеу немесе іздестіру қызметі мақсатында пайдаланатын жүзу құралдарына әрі қарай да қолданыла береді.

Аталған өзгеріс хабарлама тараған соң 10 күннен кейін, яғни 17 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.


Соңғы жаңалықтар