Каспий жағалауында итбалыққа тас лақтырып, қорлағандар жазасын алады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда итбалықты қорлағандар жауапкершілікке тартылады. Бұл жайлы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 шілде күні Каспий теңізінің жағалауында демалып жатқан адамдардың теңіздегі итбалықты қорлап, оған тас лақтырғаны белгілі болды. Бұл факті бойынша Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы облыстық полиция департаментіне хат жолдады. Онда жануарды қорлаған адамдарды анықтап, жауапкершіліке тарту жөнінде айтылған» деп жазады Facebook парақшасында Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасында аң-құсты қорлағандар үшін айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған.

«Ертең 8 шілдеде Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторлары теңіз жағалауында демалып жатқан адамдар арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді» деп атап өтті Сәкен Ділдахмет.

Еске сала кетейік, 6 шілде күні әлеуметтік желіде демалып жатқан адамдар Каспий итбалығына тас лақтырғаны туралы видео пайда болды. Видеода көрініп тұрғандай, итбалық адамдарға шабуыл жасау ниетінсіз, қызық көріп жақындаған. Өкінішке қарай, отандастарымыз қауіп тудырмайтын аңға жабайылықпен жауап беріп, тас лақтырған.


Соңғы жаңалықтар