+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Каспий теңізіндегі тереңдету жобасын қоғамдық мониторинг бақылайды

2021 жылғы 7 мамыр 14:15
Бөлісіңіз:
Каспий теңізіндегі тереңдету жобасын қоғамдық мониторинг бақылайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Каспий теңізіндегі тереңдету жобасын қоғамдық мониторинг бақылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласындағы жағымсыз иісті жою үшін не істеледі 18 маусымда еліміз қалаларындағы ауа сапасы қандай болады Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Бұл туралы аталған жобаны Атырау облысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, NCOC компаниясы, экология, биология, география саласындағы ғалымдар мен сарапшыларының дөңгелек үстелі кезінде белгілі болды. Қоғамдық мониторинг тобына жергілікті экологтар, ғалымдар мен экобелсенділер кірді.

Каспий теңізіндегі тереңдету жобасымен танысу үшін өңірге Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов пен Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов жұмыс сапарымен келді. Олар сапар аясында ғалымдармен, қоғам белсенділерімен бірге мұнай компаниясы жобаны жүзеге асыратын аумағын аралады.

«Гидрология, ихтиология саласындағы ғалымдар жобамен ашық түрде танысып жатыр. Қоғам өкілдеріне де көрсеттік. Айта кететіні, тереңдету жұмыстары жаңа бағыттарда емес, қолданыстағы кеме жолдарында, 29 шаршы километр аумақта ғана жүрмек. Бұл теңіздің солтүстік-шығыс аймағының 0,03%-ы ғана. Сол себептен, балықтар миграциясына, құстар ареалына қатты әсері болмайды. Ал аз көлемдегі залалды компанияға өтету әдістемелері қарастырылған. Теңіз суының лайлануын азайту үшін жаңа технологиялар қолданады. Біз жобаны тұрақты бақылауда ұстаймыз»,- деді Зұлфұхар Жолдасов.


Компания басшылығы тереңдету жұмысы ауқымды жоба емес, әдеттегі шаруа екенін алға тартып отыр.

«NCOC компаниясының жұмыстары теңіз бойынша 5 аралда жүргізіледі. Теңіз деңгейінің төмендеп кетуі аралдар арасындағы кемелердің қозғалысына, тасымал, апаттық құтқару жұмыстарына кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, теңіздегі тек кеме жолдарын ғана тереңдетпекпіз. Ешқандай канал салу жоспары жоқ. Ал тереңдету – Каспий теңізіндегі күнделікті жұмыс. Кеме жолдары әр уақытта тереңдетіліп отырған. Одан экологияға қауіп жоқ. Дегенмен, экологиялық әсерді бақылау үшін тұрақты түрде өндірістік мониторинг жүргіземіз. Жауапкершілікті түсініп отырмыз», - деді компания бас директорының орынбасары Ермек Марабаев.

Биология ғылымдарының докторы Елена Крупа тереңдету жұмысы кезінде судың лайлануы теңіздегі организмдерге уақытша ғана әсер ететінін алға тартты. Мұның теңіз деңгейіне зияны болмайды.

«Каспий экожүйесі қалпына келу қабілетіне ие. Теңіз организмдерінің қоректік базасына келер болсақ, фитопланктондар теңіз табанын тереңдету әсерінен болған лайлану кетіп, тұнықталғаннан кейін бірден орнына келеді. Бір айдан соң зоофланктондар, одан соң макрозообентос қалыпқа келеді. Ал жобаны Каспий теңізі деңгейі динамикасымен байланыстыруға болмайды. Себебі канал салынайын деп жатқан жоқ. Теңіз деңгейіне Жайық пен Еділ өзендерінің ағыс көлемі мен климаттық факторлар әсер етеді», -дейді ғалым.

Ал биология ғылымдарының докторы, ихтиолог Асқарбай Камеловтің айтуынша, балықтар миграциясына жобаның әсері жоқ.

«Каспийдегі бекіре балықтары екі жағдайда, яғни уылдырық шашу және азық іздеу үшін көшіп-қонады. Уылдырық шашу кезінде теңіздің барлық акваториясы бойынша емес, тек жағалау аймағында миграция жасайды. Яғни, бұл кезеңде олар тереңдету жобасы жүзеге асатын аймақтың әсеріне ұшырамайды. Ал қорек іздегенде көбіне солтүстік аймақтағы таяз жерлерге барады. Сондықтан миграцияға аталған жобаның әсері болмайды»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT