Каспий теңізінде шекара бұзған Әзербайжан азаматтары ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізінде шекара бұзған Әзербайжан азаматтары ұсталды. Бұл жайында ҚР ҰҚК Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 21 қаңтарында, сағат 23-05 шамасында Каспий теңізіндегі Адамташ бұғазының оңтүстік-шығысында (жағалаудан 8,4 миль қашықтықта) теңіз шекарасын күзетіп жүрген «Сарбаз» шекарашылар кемесінің радиолокациялық құрылғылары белгісіз жүзу құралын байқаған. Шекарашылардың ультрақысқа толқынды халықаралық радиостанция арқылы жолдаған сауалдарына ешқандай жауап болмағандықтан, шекарашылар кемесі нысанаға жақындап келіп, оның «Байда» типтес шағын жүзу құралы екендігін анықтаған. Жарық және дыбыс беру құрылғыларын іске қосып, тоқтауды талап еткен шекарашыларға бағынбаған белгісіз «Байда» ашық теңізге қарай қашуға әрекеттенген. «Сарбаз» шағын жүрдек қайықты қуып жетіп, тоқтауға мәжбүрледі.Қолға түскендер: 1971, 1975, 1978 және 1983 жылғы Әзірбайжан азаматтары болып шықты», - делінген таратылған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, олардың үстінен «Мемлекеттік шекараны қасақана бұзғандығы үшін» ҚР Қылмыс кодексінің 392-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалады.


Соңғы жаңалықтар