Каспий теңізінде браконьерлер құрған ауға түсіп қалған 21 итбалық босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізінде браконьерлер құрған ауға түсіп қалған 21 итбалық босатылды. Бұл туралы Шекара қызметінің браконьерлікпен күрес шараларында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша департаменттері Каспий теңізі акваториясында жүзудің қолайлы режимін қолдау, браконьерліктің жолын кесу және су биологиялық ресурстарын қорғау бойынша бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізді.

«Шекарашылар мемлекеттік шекара режимін бұзған 56 адамды, аумақтық және ішкі су режимін бұзған 85 адамды ұстады, сыйымдылығы әртүрлі 43 жүзу құралын, 220 мың метрден астам (220 шақырым!) тәркіледі. Браконьерлік аудан 420-дан астам бекіре тұқымдас балық, 11 040-тан астам ұсақ балық және 21 итбалық шығарылды», делінген хабарламада.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 820 миллион теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың алды алды, құқық бұзушыларға 3,5 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынған.



Соңғы жаңалықтар