Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммиті Түрікменстанда өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Каспий маңы мемлекеттерінің алтыншы саммитін Түркіменстанда өткізу ұсынылды. Бұл ұсынысты Ақтау саммитінде Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саммитте қабылдаушы Қазақстан тарапына алғысын жеткізген Түрікменстан президенті:

«Саммит қорытындысына жоғары баға береміз, яғни баршамыз үшін маңызды құжатқа (Конвенцияға) қол қойылды. Бұл ауқымды жұмыстарға Каспий маңының барша елдері белсенді қатысты. Осы орайда Конвенцияның ережелері тиімді орындалады деп сенемін», - деді. 

Сонымен қатар Гурбангулы Бердімұхамедов Саммит барысында қол қойылған бесжақты бірқатар құжаттардың маңыздылығын атап өтті.

«Жалпы, Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларына алғысымды айтқым келеді. Барлықтарыңыз теңіздегі ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қостыңыздар. Келесі саммитті Түрікменстанда өткізуді ұсынамын», -деді ол.  

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақтау саммитіне қатысқан бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.   

Соңғы жаңалықтар