Kaspi банк: Клиент шотындағы қаражат жоғалмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Kaspi.kz операцияларында ақаулар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар болды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары уақытша істемейді. Біз мүмкіндігінше тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті банкте.

Еске сала кетейік, 28 қазанда Kaspi.kz операцияларында техникалық ақаулар орын алған еді. Банк өкілдері оны тезірек жоюға уәде берді.

Клиенттердің өз шоттарындағы ақшалары сол күйінде сақтаулы.



Соңғы жаңалықтар