Кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономикалық өсуді қалпына келтіру мақсатында дағдарыс салдарынан айтарлықтай зардап шеккен секторлардағы кәсіпорындарды қолдау үшін қосымша 200 млрд теңге бөлінеді. Салалар тізбесін Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп анықтайтын болады», - деді Е. Досаев Үкімет отырысында.

Осы орайда ол Ұлттық банктің жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 800 млрд теңгеге дейін жеткізіліп, 2021 жылдың соңына дейін ұзартылатынын нақталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Жолдауында қазіргі дағдарыс жағдайында бұл бағдарламаның әрекет ету мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзартуды және оның қамту аясын кеңейтуді тапсырды.



Соңғы жаңалықтар