Кәсіпқой бокс: Айдос Ербосынұлы Канадада дебюттік жекпе-жегін өткізетін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулының иегері Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) 28 наурызда Канаданың Квебек қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның қарсыласы – 35 жастағы жергілікті боксшы Тим Кронин. Айқас 10 раундқа есептелген. Жекпе-жектің өтетінін Suleimen Promotions компаниясы ресми түрде жариялады. Осылайша Айдос Ербосынұлы Канадада дебюттік жекпе-жегін өткізгелі отыр», - деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясынан.

Дәл осы күнгі бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы ганалық Исса Самирмен (18-0, 15КО) өзара мықтыны анықтайды. Кештің басты кездесуі жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев (15-0, 15КО) пен қытайлық Фаньлун Мэннің (16-0, 10КО) текетіресі болмақ.

Айта кетсек, екінші орта салмақта атағы аспандап келе жатқан қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде көрсеткішін едәуір жақсартқан болатын.



Басты фото: qsport.kz


Соңғы жаңалықтар