Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жоба қатысушылары 146 мыңнан асты
2022 жылғы 23 мамыр 12:33

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жоба қатысушылары 146 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға қатысушылардың саны 146,5 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бағдарлама аясында 136,8 мың адам жұмысқа орналасса, оның 69,8 мыңы тұрақты еңбекке тартылған.

«Жұмыс берушілердің өтінішімен 1,3 мың адам оқыту ұйымдарына жіберілді. Өз кәсібін бастау үшін 1 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 70,7 мың адам орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен – 10,7 мың, жастар практикасымен – 7,4 мың, қоғамдық жұмыстармен 51,6 мың адам қамтылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында – 869, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 114 адам жұмысқа қабылданды», - деп жазды ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT