+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі артып келеді - Абзал Мұхимов

2020 жылғы 5 ақпан 19:38
Бөлісіңіз:
Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі артып келеді - Абзал Мұхимов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысатын кәсіпкерлер саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының нәтижесіне арналған брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көрісу мерекесінің тәрбиелік мән-маңызы да ерекше – тарихшы Саялбек Ғиззатов

«Жаңа ғана Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырым Көшербаевтің төрағалығымен Ұлттық комиссияның биылғы алғашқы отырысы өтті. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру« бағдарламасының іске асырылып жатқанына биыл 3 жыл болады. Үш жыл ішінде көп жұмыс атқарылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда ғана жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан« мақаласындағы ұлы ойшылдың еңбектері арқылы таратқан рухани бағыттағы тапсырмалары біздің бағдарламамен сабақтастық тауып, өзара жалғасуда», - дейді ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Абзал Мұхимов.

Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» ұлтты ұйыстыратын бірегей бағдарлама.

«Қазіргі таңда бағдарлама аясында 6 бағыт бойынша 13 арнайы жоба іске асырылуда. Жобалардың басым көпшілігі өте нәтижелі жүруде. Қазақстандық бизнес өкілдерінің бағдарламаға қатысу деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, меценаттардың тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемдесуі, туған жерлеріне қарайласуы сияқты жұмыстар кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің артқандығының белгісі», - дейді ол.

Сондай-ақ, А.Мұхимов бүгінгі Ұлттық комиссия отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырым Көшербаев бағдарламаны жаңа деңгейге көтеру және мазмұны мен сапасын арттыру жөнінде жаңа міндеттер қойғанын атап өтті.

«Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар« бағдарламалық мақаласында ұлттық прагматизм мәселесі өте өткір әрі жан-жақты атап көрсетіледі. Бұл бағыттағы жұмыстарға терең қарау керек екендігіне бүгін көзіміз жетіп отыр. Бүгінгі Ұлттық комиссия отырысына қатысқан зиялы қауым өкілдері бұл бастаманы қолдап, прагматизм бағытындағы кешенді шаралар қабылдауды ұсынды. Нақтырақ айтсақ, Үкіметке және жергілікті атқару органдарына даңғазалықтан, ысырапшылықтан арылу, құқықтық, қаржылық, экологиялық және басқа да мәдениеттерді барынша насихаттау және тарату туралы нақты тапсырмалар берілді», - дейді Абзал Мұхимов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT