Қасиетті Әулиеата жерінің тарихын құрмет тұтуымыз керек - Бердібек Сапарбаев

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Көне Тараз» кешенінде Бердібек Сапарбаев «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінің жұмысымен танысты. Достық үйі облыс орталығының көрікті орындарының бірі болып табылады. Ерекше ғимарат Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған. Бүгінде мұнда этномәдени бірлестік орталықтары, медиация кабинеттері, оқушыларға арналған шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді.

Ғимараттың фойесінде әртүрлі көрмелер жиі өтіп тұрады десек, ал мәжіліс залында іс-шаралар ұйымдастыру дағдыға айналған. Дегенмен нысандағы барлық кабинеттер толығымен пайдаланылып отыр дей алмаймыз.

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаеваның жаңбыр жауғанда шатырдың кей бөліктерінен су ағатынын жеткізді. Жылу жүйесінің де жұмысы ойдағыдай емес. Сондай-ақ, ғимараттың қасбеті жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев Достық үйінің жанында орналасқан шолу мұнарасының алаңдатарлық жағдайына назар аударды. Осы орайда тиісті орындарға барлық мәселелерді зерттеп, оларды шешу үшін егжей-тегжейлі жоспарын ұсынуды тапсырды.

Одан кейін аймақ басшысы ашық аспан астындағы археологиялық саябақ-мұражайда болды. Музейде құнды археологиялық жәдігерлер сақтаулы және онда көне Тараз қаласының хамам-монша, медресе, керуен сарай, магистральды көше, суару және су құбыры жүйесі, тұрғын және қолөнер аумағы сынды орындарын тамашалуға болады. Бұл жерге туристер үлкен қызығушылық танытуда.

Десе де кешенді одан әрі тартымды ету үшін нысанға су өтуден сақтайтын қауіпсіздік және жарықтандыру жүйелерін орнату қажет. Әкімшілік ғимаратында, сыз және қараңғы жертөледе шамамен мыңжылдық тарихы бар құнды жәдігерлер сақталып тұр.

Бердібек Сапарбаев археологиялық саябақ-мұражай мен оның әкімшілік корпусын жөнге келтіруді тапсырды.

– Тараз қойнауында екімыңжылдық тарих жасырулы жатыр. Біздің міндет – осы мұраны келер ұрпаққа жеткізу. Біз киелі Әулиеата жерінің бай тарихын ұмытпай, оған құрметпен қарау керекпіз, – деді ө ңір басшысы .

Сондай-ақ ол олқылықтарды жойып, кешен аумағын тазалап, көгалдандыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар