Кәсіби фототілшілер мен студенттер арасында «ZEREN.photo-fest» байқауы мәресіне жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық және оқу орнының 25 жылдық мерейтойы аясында «ZEREN.photo-fest» атты фототілшілер байқауын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фотобайқаудың мақсаты – кәсіби фототілшілер мен студенттердің шығармашылық байланысын нығайтып, кәсіби мамандар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ фотожурналистикаға бейімі бар студенттерге фотопортрет, пейзаж, фоторепортаж, фотоочерк және тағы басқа түсірудің тәсілдерін үйрету, шеберліктерін арттыру.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, ҚР Қорғаныс министрлігі, «Жас Отан» жастар қанаты, «Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы» газеттері мен «ҚазАқпарат» ХАА, «National Geographic» журналы, «Tengrinews», Kazakhnews.kz ақпараттық сайттарының фототілшілері, сондай-ақ, ЕҰУ-дың дизайн және журналистикамамандығының студенттері қатысты.

Байқау барысында елордалық және халықаралық БАҚ, мемлекеттік органдардың фототілшілері, Ақмола облысының мерзімді басылымдарында еңбек еткен фототілші – ардагерлер екі күн бойы студенттерге түрлі жанрда суретке түсіру техникасын үйретіп, шеберлік шыңдау дәрістерін өткізді және кәсіби тәжірибеге баулыды. Олардың ішінде ҚР Премьер-министрінің фототілшісі Шүкір Шахай, ҚР Премьер-минстрі ресми сайтының фототілшісі Нариман Мырзабаев, «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі, еңбек ардагері Орынбай Балмұрат, Каzaknews.kz фототілшісі Доған Йылдыз және басқа суретке түсірудің хас шеберлерінің дәрісі студенттер үшін тәлімі молфестиваль болды.

Айта кететін жайт, төрт кезеңнен тұрған фотобайқаудың бірінші кезеңінде конкурсқа қатысушылар «ЕҰУ-25» тақырыбында үй тапсырмасын орындады. Бұл тақырыптық суреттерде университеттің ғылым, оқу, халықаралық байланыс, тәрбие және тағы басқа салалардағы жетістіктер, сондай-ақ университет тарихындағы тұлғалар, танымал ғалымдар, әртүрлі сайыстарда жеңіске жеткен білім алушылар көрініс тапты. Орындалған жұмыстардан Зеренді демалыс аймағында арнайы көрме жасалып, ол қазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Екінші «Фотопортрет» кезеңінде кәсіби маман студенттерге фотопортрет түсірудің қыр-сырын үйретті. Әсіресе, адамның жан дүниесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, тағы басқа сыртқы бет-әлпетімен, кескін-келбетімен үйлестіре отырып көрсетудің тәсілдерін үйрету арқылы байқауға қатысушылардың шеберліктері бағаланды.

Үшінші-төртінші кезеңде «Пейзаж» және «Фоторепортаж» жанры бойынша Зеренді демалыс аймағынан фоторепортаждар түсіріліп, ұсынылған суреттер жанрдың сапасы мен мазмұны, жанрлық ерекшеліктеріне қарай бағаланды.

Байқау жеңімпаздары «Үздік фототілші», «Үздік фотоэтюд», «Үздік фотопортрет», «Үздік фоторепортаж», «Үздік фотопейзаж», «Үздік фотоочерк» номинациялары бойынша марапатталды.

«Үздік фотопортрет» жүлдесі иегерлері:

Ерлан Омаров – «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі;

Ғани Өмірбеков – ҚР Президентінің фототілшісі;

Ербол Ерденбек – ЕҰУ фототілішісі.

Үздік фотопейзаж:

Ерболат Шадрахов – «National Geographic» қоғамының фототілшісі;

Мұхтар Холдорбеков – «inform.kz» фототілшілері;

Мейірбек Тажкуранов – «Жас Отан» жастар қанатының фототілшісі.

Үздік фотоэтюд:

Советбек Мағзұм – «Арқа ажары» газетінің фототілшісі, еңбек ардагері;

Бауыржан Жуасбаев – «inform.kz» фототілшісі.

Үздік фоторепортаж:

Тұрар Қазанғапов – «Tengrinews» ақпараттық сайтының фототілшісі

Аман Дүйсенбаев – ҚР Президентінің фототілшісі;

Нариман Мырзабаев – ҚР Премьер-минстрі ресми сайтының фототілшісі.

Үздік фотоочерк:

Доған Йылдыз– Каzaknews.kz фототілшісі;

Сұлтан Сейіт – «Tengrinews» ақпараттық сайтының фототілшісі.

«Үздік фототілші» жүлдесі барлық жанр бойынша шеберлік танытқан фотожурналистерге берілді.

Олар:

Шүкір Шахай – ҚР Премьер-министрінің фототілшісі;

Орынбай Балмұрат –«Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі, еңбек ардагері.

Студенттер арасында үздік номинацияға қол жеткізгендер:

Фотопортрет:

Айбын Оралбек

Сара Сахынбек

Асель Казиева

Фотопейзаж:

Атабаева Камшат;

Нұрғалиева Раушан

Мерей Ақылбек

Фотоэтюд:

Гүлзада Абылқайырова

Досжан Қабдылманапов

Тоқтасын Айгерім /3 орын

Аружан Мақсұтова /3 орын

Фоторепортаж:

Рахымберді Мақсат

Аружан Серік

Қарақат Суханова

Фотоочерк:

Ажар Макишева

Аружан Рахымбердиева

Шырын Халелова


Соңғы жаңалықтар