Қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны рас па

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қашықтан оқытуға байланысты педагогтардың жалақысы қысқаратыны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны туралы шағымдар жазылды. Министр жалақы қысқармайтыны туралы айтқан болатын. Осындай жағдайда мұғалімдер не істеуі керек және бұл қаншалықты заңды?« – деген сұрақ қойды тілші екінші тоқсанның басталуына арналған брифингте.

«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы айтқандай, жалақы қысқармайды. Нақты жағдай бойынша қарастыру керек. Егер нақты қай мұғалімнің жалақысы қысқарғаны туралы ақпарат болса – біз оны егжей-тегжейлі қарап, сіз айтқан мәселеге қатысты тиісті қорытынды шығарамыз», - деді Рүстем Биғари.


Соңғы жаңалықтар