Қашықтан оқытуда бастауыш сынып оқушыларына ата-ананың қолдауы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде бастауыш сынып оқушыларына ата-ананың қолдауы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші тоқсанды қашықтан оқытуға байланысты балаға бірінші апта қиын болатыны түсінікті. Осы жағдайда балаға ата-ананың қолдауы өте қажет. Сондықтан ата-ана баласына қолайлы жағдай жасап, үстелі мен оқу құралдарын бірге даярлап, эмоциялық әрі психологиялық жағынан көмектесуі керек. Көбіне бастауыш және орта буын оқушыларына ересектер өз тарапынан қолдау жасауы тиіс», - деді вице-министр онлайн брифингіде.

Сонымен қатар Шолпан Каринова қашықтан оқыту кезінде бүгін таңертең бастауыш сынып оқушылары білім беру жүйелерін белсенді пайдаланғанын айтты. Жалпы, оқушыға тақырыпты түсіндіру тек телесабақ кезіндегі 10 минуттық видеомен шектелмейді .

Бұдан бұрын хабарланғандай, қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерден есеп беру талап етілмейді.


Соңғы жаңалықтар