+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қашықтан оқыту әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді

2020 жылғы 26 наурыз 16:28
Бөлісіңіз:
Қашықтан оқыту әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда 25 блокпост қойылды Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты Қашықтан оқыту тұрғысында Күнделік жүйесін нығайту керек

«Елімізде қашықтан оқыту процесін бастауға дайындық жұмысы жүргізілуде. Жұмыс тобы құрылды. Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибесі зерделенді. Министрлікте құрылған жобалық кеңсенің ұсыныстарын ескере отырып, өз тұжырымдамамызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, телевидениеге 2 мыңнан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі таңда мұндай сабақтардың 200-ге жуығы дайын.

«Бір айтып өтетін жағдай, бұл ресурстардың барлығы педагогқа және оқушыға қосымша ақпарат болып саналады. Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектептегі сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Сабақты өткізу уақыты 30 минутты құрайды. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты «Күнделік», «Білім ал» мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық әдістемелер, нұсқаулықтар дайын»,- деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT