Қашықтан оқуда мұғалімдерден есеп беру талап етілмейді – БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерден есептілік сұрау қарастырылмайды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайбір жағдайда да әр мұғалім өзі үшін форматтардың бірнеше түрі бар екендігін білуі керек. Біз барлық оқушыны оқумен қамтуға тиістіміз. Негізгі ұстанымдарды мұғалімдер біледі, яғни күнделікті жоспарларында оқудың мазмұны, көлемі мен берілетін материалдардан хабардар. Осы материалдар балаға жеткізілуі тиіс», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті бұйырықта көрсетілгендей, осы төртінші тоқсанның ішінде әр пән бойынша тек бір жиынтық бағалау жұмысы болады және тоқсандық бағалау жүйесі қамтылады.

«Осы қалыптастырушы бағалау жүйесінде оқушылармен кері байланыстың арқасында мұғалім әр оқушының сабақты меңгерген дейгейін өз үшін бақылап отырады. Осы үш форматты пайдаланған жағдайда да бірінші кезекте мұғалімдердің ескеретіндігі – ол барлық шаралар педагогтың өзінің шығармашылық шешімдеріне баланысты болады. Қашықтан оқыту кезінде ешбір күштеу немесе есептілік сұрау қарастырылмайды. Бұл тұрғыда мұғалімдер ыңғайлы әрі икемді сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Осының аясында ұстаздар сабақтың мазмұнын, пәннің толыққанды көлемін беруге тиісті», - деді Шолпан Каринова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қашықтан оқыту аясында мектеп оқушыларына арналған телесабақтардың кестесі 5 сәуірге дейінгі аралықта беріледі.

Сонымен қатар Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейтіні айтылды.



Соңғы жаңалықтар