USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қашаннан бастап Pfizer вакцинасын ақыға салдыруға болады

2021 жылғы 7 желтоқсан 13:25
Бөлісіңіз:
Қашаннан бастап Pfizer вакцинасын ақыға салдыруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілді. 9 млн 115 мың қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алды Қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспаптарды тегін үйрене алады

«Pfizer вакцинасының құны бойынша айтсақ, біз Pfizer компаниясымен ақылы вакцинация мүмкіндігі туралы келісіп жатырмыз. Қажеттілікті анықтау үшін тізімдер жиналуда. Қазір Алматыдағы емханалар халықтың сұранысын зерттеп жатыр. Вакцинаның жарамдылық мерзімі бар екенін түсіну керек. Бұл вакцинаны қанша азамат алғысы келетінін анықтап алу маңызды. Нұр-Сұлтан қаласында да осындай жұмыс жүріп жатыр. Қазір барлық жерде, өңірлердің бәрінде осы іс жолға қойылған. Нақты қанша доза қажет, қанша азамат ақылы негізде вакцина алғысы келеді? Осыны анықтағаннан кейін ғана нақты қанша вакцина жеткізу керектігі анық болады», - деді Алексей Цой БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Денсаулық сақтау министрі Pfizer вакцинасын салу науқаны бірқалыпты, ың-шыңсыз өтіп жатқанын да атады.

«Вакцинация науқаны тыныш өтіп жатыр десе де болады. Жүкті және бала емізетін әйелдер тарапынан вакцина сұраушылар көп еді. Солардың дегені болды. 12 жастан асқан балалар да өте белсенді вакцина алып жатыр. Мен Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатынын әлі нақты айта алмаймын, бірақ жақын арада деуге негіз бар. Бұл мәселені біз тұрақты түрде талқылап жатырмыз, мәселе пысықталуда», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT