Қашаған кен орнының операторы толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашаған кен орнын толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлеуге дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашаған жобасын іске асыруға мемлекеттің тиімді қатысуы туралы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясындағы Мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмасына (2020 жылғы 18 қараша) сәйкес биыл Қашаған кен орнының шикізаты негізінде құны 860 млн АҚШ доллары, қуаты 1,150 млрд м3 Газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарлануда. Осы жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже – қосымша 800 млн м3 тауарлық газ өндіру және жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ мұнай өндіру көлемін қосымша 10 млн тоннаға дейін өсіру», - деді министр.

Оның айтуынша, бұған қоса, Қашаған кен орнын толық көлемде игеру тұжырымдамасын әзірлеуге дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңінің барлық нысандары пайдалануға берілді, олардың өндірістік қуаты тәулігіне 400 мың баррельді құрап отыр. «Дегенмен, Министрлік 2020 жылғы мамыр айынан бастап енгізген шектеулерге байланысты орташа тәуліктік өндіру 280 мың баррель деңгейінде тұр. Оператормен бірлесіп, біз осы жылдың соңына дейін Одан әрі кеңейту тұжырымдамасын пысықтауымыз керек», - деді Н. Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар