KASE: Доллар төртінші күн қатарынан арзандап келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 378,47 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,65 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 378,28 теңге, ал ең жоғарғысы 378,8 теңге болған. Сауда көлемі 41,59 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға - 379,12 теңгені, күндізгі сессияда - 379,18 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,16 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 88,739 млн доллар.

Еске салайық, доллар бағамы дүйсенбі күні 0,4 теңгеге (380,36 теңгеден 379,96-ға), сейсенбі күні 0,48 теңгеге (379,48 теңгеге), сәрсенбі 0,36 теңгеге (379,12 теңгеге дейін) төмендеген еді.

Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар