Jańalyqtar
KASE: Доллар бағамы төмендеді
2018 жылғы 12 сәуір 11:22
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 329,96 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,72 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 328,95 теңге, ал ең жоғарғысы 330,81 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 113,4 млн долларға жетті.
Сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 330,68 теңге, күндізгі сессияда 331,15 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 330,88 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 556,65 млн долларды құрады.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Биыл Қостанай облысында тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 10% артады
- Теңге бір жыл ішінде 10 пайызға әлсіреді – Ұлттық банк
- Доллар бағамы арзандады
- Доллардың ресми бағамы 419 теңгені құрады
-
Ерболат Досаев 2020 жылы теңгенің әлсіреу себебі атады
-
Жемқорлықтан айыппұл ретінде 2 жылда бюджетке 600 млн теңге түскен
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER