11:38, 19 Қараша 2020 | GMT +6
KASE: Доллар арзандап, теңге нығайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 18 қараша кешімен салыстырғанда 0,82 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 427,78 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 19 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 429,30 теңге, сатып алу –427,77 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,33 теңгеден болса, ал сатып алу – 428,18 теңгені құрайды.