Қаржы жымқыру: «Алатау» балалар клиникалық шипажайының директоры күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен «Алатау» балалар клиникалық шипажайының директоры үйқамақта отырғаны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттік мәліметіне қарағанда, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Алатау» балалар клникалық шипажайы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол 2015 жылдан 2021 жылдар аралығында өзіне пайда табу мақсатында лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдікке ілінді. Бұл ретте ол ірі сомадағы қаржыны иемденді деген айыппен күдікті болып отыр.

Күдіктіге қатысты үйқамақта ұстау шешімі қабылданды.

Бұдан бұрын ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Алатау» балалар клникалық шипажайында қаржы жымқыру фактілері туралы айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар