+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қаржы министрлігі құрамындағы акционерлік қоғамдардың қызметі қандай

2021 жылғы 15 маусым 12:53
Бөлісіңіз:
Қаржы министрлігі құрамындағы акционерлік қоғамдардың қызметі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлікке бағынысты акционерлік қоғамдардың қызметі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Осы орайда ол «Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның қызметіне тоқталды.

«Электрондық қаржы орталығы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу бойынша Бірыңғай операторы және бюджет процесінің интеграторы болып саналады. Есепті кезеңде Электрондық қаржы орталығы мынадай іс-шараларды орындады: мемлекеттік сатып алудың бүкіл процесі автоматтандырылды, бюджеттік жоспарлау мерзімі 2 есеге қысқартылды, салық төлеуші кабинеті жұмысының жылдамдығы 8 есеге артты, Байланыс орталығы тәулік бойына, 24/7 режиміне ауыстырылды. Нәтижесінде 2020 жылы 915 млн теңге таза пайда алынды, оның 700 млн теңгесі дивиденд ретінде республикалық бюджетке аударылды», - деді министр.

Бұдан бөлек Е. Жамаубаев «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ қызметіне қатысты баяндады. Орталықтың цифрлық платформаларының 400 мыңдай пайдаланушысысы бар.

2020 жылдан бастап көмірсутектерге жер қойнауын пайдалану құқықтарын іске асыру бойынша аукциондар үшін электрондық сервис енгізілді. Былтыр 23 желтоқсанда жер қойнауының жеті учаскесі бойынша алғашқы электрондық сауда-саттық өткізілді. Ашықтық пен бәсекелестік нәтижесінде ондағы бастапқы баға 263 млн теңгеден 61 млрд теңгеге дейін өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға цифрлық мониторинг пен бақылауды енгізу жөніндегі IT-жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық байқауында 150 қатысушының ішінен 2-орынды иеленіп, үздіктердің бірі болып танылды.

«Проблемалық кредиттер қорының қызметіне қатысты айтатын болсақ, қордың екі стратегиялық бағыты бар, яғни банк секторын сауықтыру және сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту. Проблемалық активтерді сауықтыру және борышкер компанияларды экономикалық айналымға тарту үшін 43 борышкер компанияның берешегі қайта құрылымдалды. Сондай-ақ, 2019-2020 жылдары қор өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың борыш жүктемесін азайту бойынша қаржы операторы болып отыр. Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының шоттарына 700 мыңнан астам адамның қарыздары өтелді. Жалпы, министрлікке бағынысты компаниялар өз қызметін сәтті атқаруда», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT