Қаржы министрлігі 52 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанында 52 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылғы 1-тоқсанда камералдық бақылаумен сомасы 2,9 трлн теңгеге 305 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 9 111 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит нысандары бұзушылықтарды жою туралы 8 547 хабарламаны орындады. 855 аудиторлық іс-шаралар өткізілді», - деді ол.

Министрдің дерегінше, 422 млрд теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. Соның ішінде сомасы 52 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

«Тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 44 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 707 ұсыным берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар