12:46, 15 Маусым 2021 | GMT +6
Қаржы министрлігі 2021 жылы қай бағыттарда жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның 2021 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл министрлік қызметі стратегиялық бастамаларды, Мемлекет басшысының тапсырмаларын және «Nur Otan» партиясы саялауалды бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға бағытталады. Жалпы, жоспарланған жұмысты 5 негізгі блокқа топтастыруға болады», - деді Е. Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде.
Осы орайда министр аталған блоктарға нақты тоқталып өтті:
Біріншісі – бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мен оңтайландыру.
Екіншісі – салық және кеден әкімшілендіруін цифрландыру және «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету.
Үшіншісі – мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру.
Төртіншісі – мемлекеттік сатып алуларды ары қарай жетілдіру.
Бесіншісі – мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру.