Қаржы министрі Қазақстан мен Қытай кедендік мәліметтерінің айырмашылығына пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан мен Қытайдың кедендік мәліметтерінің айырмашылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – біз үшін маңызды мәселе. Кеден бекеттеріндегі бүкіл ақпарат жолданатын ситуациялық орталықты да құрып қойдық. Оған тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіріп, декларацияланатын тауарлардың бағасын бақылау мақсатында 6 мың бағалық индикаторларды енгіздік», - деді Ерұлан Жамаубаев халық алдында есеп беруден кейін ОКҚ-да ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Қаржы министрі айырмашылық анықталған жағдайда кәсіпкерлер қосымша кедендік бажды төлейтінін мәлім етті.

«Сонымен қатар, қытай тарапымен экспорттық-импорттық операциялар бойынша ақпараттарды алмасу форматы туралы келісімге келдік. Әзірге бұл мәліметтердің растығын әлі де анықтау керек. Алайда өзара алмасқан ақпараттардың сапасын жақсарту үшін жұмыс аясын кеңейтеміз. Сонымен бірге, Қырғыз Республикасымен және Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттерін барынша жаңғыртамыз. Толыққанды цифрландыру шынайы ақпаратты алу үшін айтарлықтай көмек болары сөзсіз», - деді ол.

Қаржы министрі қолға алынған шаралардың арқасында өткен жылы ҚХР-мен кедендік статистикадағы айырмашылық 53-тен 48 пайызға азайғанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар