Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев оқшауланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев дүйсенбіге дейін өз үйінде оқшауланады. Бұл жайында аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министр бүгін оқшауланды. Бұған дейін коронавирус инфекциясына тапсырған тест теріс шыққан болатын. Бірақ, қарқынды жұмыс жалғасып жатқандықтан, қалай дегенде де бір кездесулер болып тұрады. Министр байланыста болғандардың арасында біреулерден коронавирус шығуы мүмкін. Сондықтан ол аз уақыт оқшаулануға шешім қабылдады. Мерзіміне қатысты айтар болсақ, бүгін бейсенбі, демек, ол дүйсенбіге дейін оқшаулануы мүмкін», - деді баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, осыдан біраз күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлаған еді. 12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтқан. Онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болған. Осыған байланысты Үкімет басшысы оқшаулануға мәжбүр болып отыр. Әріптестерімен бірге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚР Экология, геология және табиғи ресустар министрі Мағзұм Мырзағалиев өз үйлерінде оқшауланды.


Соңғы жаңалықтар