Қаржы министрі: Басты мемлекеттік бағдарламалар алдағы 4 жылда бюджеттің басым бағыты болып қалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның 2020-2024 жылдарға арналған бюджетінің екінші нақтылауының параметрлері бойынша экономиканы қолдауға 261,7 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканы қолдау және күш құрылымдарын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша басым шығыстарды қаржыландыруға 261,7 млрд теңге көзделген. Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және басқа мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету – бюджеттің басым бағыты болып қалады», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Бюджетті нақтылау шеңберінде Президент Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөледі.

«Осы жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері осындай. Қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын ескере отырып, Заң жобасын қолдап, дауыс беруді сұраймын», - деп түйді министр.


Соңғы жаңалықтар