+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қарызын қайтармағанды атқан павлодарлықтың үкімі қайта қаралып, 8 жылға сотталды

2021 жылғы 24 ақпан 14:25
Бөлісіңіз:
Қарызын қайтармағанды атқан павлодарлықтың үкімі қайта қаралып, 8 жылға сотталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада алимент төлемеген борышкер пәтерін баласына берді Павлодар облысында кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен топ ұсталды Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тапты.
Оқиға өткен жылдың сәуір айында көпқабатты үйдің ауласында болған.
Облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны досына үлкен сомада ақша берген, бірақ ол қарызды уақытында қайтармаған.
Ер адамдар өзара келісе алмаған. Несие беруші аңшы мылтығымен қаруланып, жәбірленуші тұрған Бұқар Жырау көшесіне барған. Сотталушы борышкерді кіреберістен көріп, екі рет оқ атқан. Бірінші оқ кіреберістің металл есігіне, екіншісі үйдің қабырғасына тиген. Қорыққан борышкер кіреберіске жүгірген, несие беруші жәбірленушіні қуып жете алмаған.
Бұған дейін іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған болатын. Сол кезде сотталушы өлтіруге тырыспағанын, жай ғана қорқытқысы келгенін айтқан. Жәбірленуші құқық бұзушыны кешіріп, ер адам сот залында қамаудан босатылды. Алайда прокурор апелляциялық өтініш берді. Үкімнің күші жойылып, іс басқа алқабилермен жаңа сот талқылауына жіберілді.
Бүгін қастандық туралы 10 алқаби мен бір судья қарады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болды. Көпшілік дауыспен ер адам кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған сегіз жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.
- Жазасын өтеу қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды. Ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, сотталған азамат сот залында қамауға алынды, - деп мәлімдеді облыстық соттың судьясы Нұрлан Айтбаев.

Сот павлодарлық сотталушының соттылығының жоқтығын, кінәсін мойындауын, өкінуін, асырауында кішкентай баланың болуын, мүгедектігін ескерді. Дегенмен төтенше жағдай кезінде қару қолдану және қылмыс жасау кінәні ауырлататын оқиға болды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT