Қарулы күштер Бас штаб бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары болып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Серік Жақсығалиұлы Киев жоғарғы әскери-теңіз политехникалық училищесінің, ҚР РФ Әскери университетінің, ҚР РФ Әскери университеті жанындағы адъюнктурасының, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстардың түлегі.

Серік Борамбаев қызмет жолын Каспий флотының корабльдер күзеті дивизионы саяси бөлімнің комсомолдық жұмыстар жөніндегі бастығының көмекшісінен бастаған. Әр түрлі жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, ҚР ҚК Әскери-теңіз басқолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар