«Қару»: Мылтығын ережеге сай сақтамаған 5,4 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қару» іс-шарасы барысында 700-ден астам атыс қаруы тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қару», «Құқықтық тәртіп» өңірлік және републикалық жедел алдын алу іс-шаралары тұрақты өткізіліп, оның аясында қару-жарақтар мен оқ-дәрілер заңсыз айналымнан алынады. Соңғы 5 жылдан 10 мыңнан астам атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, 14 мамыр мен 17 маусым аралығында еліміздің аумағында «Қару» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

«Қазірдің өзінде іс-шара аясында заңсыз сақталған 700-ден астам атыс қаруы тәркіленді. 195 мыңға жуық мылтық иесі тексерілді. Оның ішінде 5,4 мыңнан астам адам тиісті ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қабылданған іс-шаралардың тиімділігіне соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыс санының 50 пайыздан астамға қысқарғаны дәлел бола алады. Биыл да 21 пайызға азайды», - деді Асылбек Ыдырысов.


Соңғы жаңалықтар