Қарлы боран: Қостанай жолдарына қозғалысты шектейтін бекеттер қойылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысында боранның күшеюі салдарынан 26 бағыттағы автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарлы боранның күшеюуіне байланысты автокөлік жолдарында төтенше жағдай департаментінің 27 техникасы мен 44 құтқарушысы кезекшілік етеді.

«Облыстағы автокөлік жолдарының қар басып, жолдың жабылып қалу қаупі бар тұстарына 27 жылыну пункті қойылған. Бұл орындарда жолда қалып қойған жолаушылардың жылынып, тынығуына жағдай жасалған» деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өңірде көлік жолдарындағы қозғалысты шектейтін 16 бекет қойылған.

Мұның сыртында, ТЖД-ның 16 қуатты техникасы мен 39 құтқарушыдан құралған қосымша күші дайын тұр.

Бұлар төтенше жағдай орын алған жерлерге жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар