Қарқаралының тәртіп сақшылары қаза тапқан полицейдің анасына көмектесті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. КАзАқпарат – Қарқаралы ауданының полицейлері қаза тапқан әріптестерін ешуақытта ұмытпайды, сондай-ақ олардың туған-туыстарын да назардан тыс қалдырмайды. Тәртіп сақшыларының көрсеткен көмегі үшін қаза тапқан полицей Ерлан Оралбаевтың анасы алғыс хат жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарлыға Садықтың жалғыз ұлы, запастағы полиция капитаны Ерлан Оралбаев 2014 жылы жүрек талмасынан көз жұмған.

«Ерланның отбасында да, жұмыста да алға қойған жоспары көп еді. Алайда, тағдырдың жазуымен 33 жастағы жалғыз тірегімнен айырылып қалдым», - деп есіне алады Қарлыға Алпысбайқызы.

Осы қаңтардағы боран, жел және қалың қар өңірдің көптеген ауылдарында қиындық туғызғаны мәлім. Әсіресе, жеке үйлерде тұратын жалғызбасты қарт адамдар, әсіресе мүгедектер қиындыққа тап болды. Осылайша, қалың қардың құрсауында қалып, үйінен шыға алмай қалған Қарлыға Алпысбайқызы бір күні таңертең ауласы қардан тазартылып, есігі ашылғанына таңқалғанын айтады. Бораннан кейін ол омбы қардан үйден шығатын есігін аша алмай, су мен азық-түлік әкеле алмай қалған. Қар құрсауында қалған зейнеткер әрі қарай не істерін білмей дал болып отырғанда оның есігінің жанына полицейлер келіп, ауланы тазалап, қар үйіндісінен шығуға көмектескен.

«Үйден шығып, ауламызды көріп, мәз болдым. Полицейлердің мұндай көмегінен кейін тіпті жылап жібердім. Маған сыйлық емес, осылай көңіл бөлгені жүрегімді елжіретіп жіберді», - деп жазды Қарлыға Алпысбайқызы алғыс хатында.


Сондай-ақ, қаза тапқан полицейдің анасы Қарқаралы ауданының ПБ бастығы, полиция полковнигі Қайрат Төкішевке және полиция майоры Дәулет Кәкібаевқа, полиция аға лейтенанты Рашит Абайға, полиция лейтенанты Азамат Қапбасқа, полиция аға сержанты Нұрсұлтан Бейсенаевқа және полиция сержанты Жандос Бимарденовке ерекше алғыс айтты.



Соңғы жаңалықтар