Қарқаралы ауданының Кувск орманшылығындағы өрт жойылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 24 маусым күні сағат 21.00-дегі жағдай бойынша Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағындағы Кувск орманшылығында тұтанған өрт ошақтары оқшауланды. Ашық жану және аумақтарда шөптің бықсуы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 21.00-де Қарағанды облысының ТЖД Қарқаралы ауданындағы табиғи өртті жою туралы хабарлады.

«24 маусымда сағат 21.00-дегі жағдай бойынша Қарқаралы ауданының аумағындағы Кувск орманшылығындағы өрт ошақтары оқшауланды. Ашық жану және аумақтарда шөптің бықсуы тыйылды. Орман төсемінің бықсыған жерлерінде бекеттер қойылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 25.06-да ошақтарды бақылау және аралау жоспарланған», - деп хабарлады ведомстводан.


Табиғи өртті сөндіру жерүсті және әуе тәсілдерімен жүргізілді.

Оқиға орнында барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмыс істеді: Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, өртке қарсы ерікті құрылымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, полицияның, «Алтай Полиметаллдар» ЖШС күштері мен құралдары.


Сондай-ақ, ТЖМ суағар құрылғылары бар 2 тікұшағы іске қосылды. Барлығы 70 су шашу жүзеге асырылды.

ТЖ жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.


Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 гектарды құрайды. Өртті сөндіру қиын таулы-жартасты жерлермен, су қоймаларының жанында болмауымен, қатты және ауыспалы желмен күрделенген.


Соңғы жаңалықтар