+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Кәрім Мәсімов пен Өмүрбек Суваналиев Қырғызстандағы жағдайды талқылады

2020 жылғы 8 қазан 22:20
Бөлісіңіз:
Кәрім Мәсімов пен Өмүрбек Суваналиев Қырғызстандағы жағдайды талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасы міндетін атқарушы Өмүрбек Суваналиев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
КАБАР: Қырғызстандағы референдумда сайлаушылардың 33% дауыс берді

«Қырғызстандағы болып жатқан жағдай талқыланды. Жағдайды тез арада дұрысталады деген сенім білдірілді. Бұған дейін жасалған келісімдерге сәйкес екі ведомствоның арасындағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қырғызстанда 4 қазанда Жогорку Кеңеш депутаттарын сайлау өтті. Ал, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, оның соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Шеруге шыққандар Ақ үйді қоршап алды, кейін резиденцияға басып кірді.

Қырғызстанның сайлау комиссиясы Парламент сайлауының қорытындысын заңсыз деп тапты. «Достук» қонақүйінде Жогорку Кеңештің кезектен тыс отырысы өткізіліп, онда Жогорку Кеңеш төрағасы мен Үкімет басшысы сайланды.

Алаңдатарлық жайт, «Кыргызкөмүр» филиалын басып алғандар кассадағы ақшаны иеленіп кетті. Сондай-ақ «белгісіз біреулер қалалық су арнасын басып алуды көздеп отыр» деп «Бішкексууканалы» дабыл қақты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT