Қарапайым заттар экономикасы: Петропавлда 14 жоба іске қосылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 14 жобаға екінші деңгейлі банктер 8,1 млрд теңге жеңілдетілген несие берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, былтыр «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 9,4 млрд теңгеге 335 жоба қаржыландырылған.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі – кепілге қоятын мүлігі болмағандарға мемлекет кепілдік береді, несие пайызының бір бөлігі мемлекет есебінен субсидияланады және кәсіпкерлік нысанға инженерлік желіні тарту арқылы бизнеске қолдау көрсету.

Нәтижесінде Петропавлда 2,7 млрд теңгенің 163 жобасына мемлекет кепілдік берді.

151 жобаны жүзеге асыруға берілген 5,7 млрд теңгенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды және 932,6 млн теңгеге 6 нысанның өндірістік инфрақұрылымы жақсартылатын болды.

Бұдан басқа «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктер 14 жобаны жүзеге асыруға 8,1 млрд теңге несие берді.

Тағы 3,5 млрд теңгенің бизнес-жоспарлары қаралып жатыр.

бағдарлама аясында кәсіпкерлер несиені 6 %-бен ғана алады.

Ал «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 51 кәсіпкер 567,1 млн теңге несие алды. Нәтижесінде 70-ке жуық жұмыс орны құрылды.

Бұл несие де 6%-бен істі жаңадан ашуға және үлкейтуге кәсіпкерлерге 5 жылға беріледі. Несие мөлшері 6500 АЕК – 18 960 500 теңге.

Бұл несиені алу үшін «Бастау-Бизнес» бағдарламасында бизнес-жобаны қорғау қажет немесе «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының курсынан өткендігін растайтын сертификат болуы тиіс.

Жалпы былтыр «Басау-Бизнес» бағдарламасы аясында Петропавлда 263 адам кәсіпкерліктің негіздерін үйренді.

Бағдарламаға қатысушыларға 347 грант үшін 188,4 млн теңге бөлінді.

Грант алудан үміткерлердің 122-сі – 29 жасқа дейінгі жастар, 30-ы – аз қамтылған жандар, 14-і – қоныс аударушылар, 11-і – мүгедектер, 6-ы – көп балалы отбасылар және 3-еуі пробация қызметінің есебінде тұрғандар.

Жалпы қазір Петропавлда 20 мыңға жуық шағын бизнес субъектісі тіркелген.


Соңғы жаңалықтар