+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Қарапайым заттар экономикасы: Атырау облысында 33 млрд теңгенің жобалары іске асырылуда

2020 жылғы 31 қазан 04:28
Бөлісіңіз:
Қарапайым заттар экономикасы: Атырау облысында 33 млрд теңгенің жобалары іске асырылуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен тоғыз салада 33 млрд теңгеге бағаланған 103 жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Әбдуахит Әбішевтің мәліметінше, биыл блок-контейнерлер мен модульдік ғимараттар материалын өндіретін бір жоба іске қосылған. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы құны 15,8 млрд теңгеге 8 инновациялық жоба іске қосылып, 600-ден астам жұмыс орны ашылады. Соның ішінде металл бұйымдарын шығаратын цех, полипропилен қаптарын шығаратын өндірісті кеңейту, құс етін өндіретін және бройлер балапанын бордақылайтын құс фабрикасы, медициналық маска, инфузиялық ерітінділерді құюға арналған құрылғы шығаратын және ас тұзын өндіретін зауыт сияқты жобалар іске қосылады. Ал 2021 жылы үй құрылысы комбинаты мен тоқыма емес материалдар шығаратын зауытты (спанбонд, мельтблаун) іске қосу жоспарланған.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында тоғыз салада 33 млрд теңгеге бағаланған 103 жоба іске асырылуда. Оның ішінде құрылыс материалдарын өндіретін 11 жоба, жеңіл өнеркәсіпте – 16, тамақ өнеркәсібінде – 15, аграрлық салада – 38, қызмет көрсетуде – 7, химия өнеркәсібінде – 6, жиһаз өндіруде – 5 және машина жасау мен фармацевтикада бір жобадан бар», - дейді Әбдуахит Әбішев.

Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктер мен Аграрлық-кредиттік корпорация 8,4 млрд теңгеге 40 жобаны қаржыландыруды мақұлдаған. Сол жобалардың ішінде бахила шығару, бетоннан жасалған құрылыс материалдарын өндіру, 9 балабақша мен бір мектептің құрылысы, жиһаз өндірісі бар. Ал 31 жоба аграрлық саланың мал шаруашылығы бағытында іске асырылмақ. Бұған қоса, банктер мен қаржы институттары 6,1 млрд теңгені құрайтын 6 жобаның тиімділігін зерттеп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT