+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Карантинге жатпай қашқан көкшетаулыққа қатысты іс қозғалды

2020 жылғы 23 наурыз 15:08
Бөлісіңіз:
Карантинге жатпай қашқан көкшетаулыққа қатысты іс қозғалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантинге жатудан бас тартқан көкшетаулықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы 19 наурызда «Минск-Нұр-Сұлтан» әуе рейсінен түскен көкшетаулық міндетті түрде карантинге жату талабынан бас тартып, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетаудағы үйіне келген.

Медициналық тексерістен өткізу үшін оның үйіне СЭҚ және жедел жәрдем қызметі барған. Алайда, ер адам медицина қызметкерлеріне пәтерінің есігін ашпаған.

«Бұл туралы бірден Көкшетау қалалық ПД хабарланып, тәртіп сақшылары пәтердің есігін бұзып, ер адамды емдеу мекемесіне күштеп жеткізді. Ол жерде одан қажетті сынама алынып, вирусология зертханасына жіберілді», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ер адамға қатысты ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігі бойынша (сантиралық ережені немесе гигиеналық талаптарды бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT