Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкер 42 500 теңге ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жүріп, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер анықталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке кәсіпкерлер де өткен жолғыдай өтініш беруі керек. Олардан да біз міндетті зейнетақы, әлеуметтік жарна төленгенін талап етпейміз. Өйткені, өткен жолы оны түсіндік. Көп кәсіпкерлер жылына бір мәрте төлейді. Біреулерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан ондай талап қоймаймыз. Дегенмен, бір ғана тексеріс болады. Аудан, қаладағы штабтар, «Атамекен» өкілдері сол кәсіпкердің жұмысы шектеуге қатысты тоқтағанын не тоқтамағанын біздің жүйемізге кіріп, белгілейді»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бұған қоса салық органдары да жеке кәсіпкердің жұмыс істеп жатқандығын немесе шектеуге байланысты тоқтап тұрғанын растайтын болады.

«Өткен жолы 42 500 теңге төлегенде 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер әлеуметтік төлем алған. Бірақ, салық органдарының мәліметі бойынша жұмысы тоқтамағаны анықталған еді. Сондықтан оларға екінші айға төлем берілмеген болатын», -деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар