Карантиндік стационарға ұшақ жолаушылары түскен жоқ – Сәдуақас Байғабылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанға барлық әуе жолаушылары ПТР-тест анықтамаларымен келді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына Түркиядан 138 әуе жолаушысы келді, оның ішінде Қазақстанның 101 азаматының барлығы COVID-19 ПТР-анықтамасымен келді. Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік стационарына бүгін ешбір жолаушы түскен жоқ», - деді С. Байғабылов.

Еске сала кетсек, Қазақстанға келетіндерден, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан ПТР-анықтама талап ету бойынша шектеулер енгізілді.


Соңғы жаңалықтар