Карантиндегі жұлдыз: Mezzo тобы онлайн концерт берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында кеше Mezzo тобы онлайн концерт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, 23 наурыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақконцерт пен Қазақтелеком ұйымдары бірлесіп, Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастады. Жоба аясында танымал қазақстандық өнер жұлдыздары мен Қазақконцерттің әртістері жанды дауыста және онлайн форматта өнер көрсетеді. Өнерсүйер қауымға әртүрлі бағыттағы – фольклорлық, эстрадалық, классикалық және ұлт аспаптық орындауда концерттер ұсынылады. Жобаның басты артықшылығы – көрермен қауым үйден шықпай, сүйікті әншілерінің өнерін үйдегі жайлы атмосферада тамашалай алады.


Осы күндері Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Медеу, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Ғаділбек Жаңай, Бекболат Тілеухан, Құрмаш Маханов пен Әміре сынды белгілі әншілер өздерінің онлайн концерттерін беріп үлгерді. Концерттер көрерменнің ықыласына бөленуде.

Тіпті 26 наурыз күні өткен Роза Рымбаеваның онлайн концертін Мемлекет басшысы халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы деп бағалады.


Соңғы жаңалықтар